Кафедра Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетінің шығарушы кафедрасы болып табылады және EUR-ACE (European Accredited Engineer Еуропалық аккредитацияланған инженер) жобасы аясында Болон процесінің талаптарын және инженерлік бағдарламаларды аккредиттеуге арналған стандарттарды ескере отырып Бакалавр-Магистр-PhD кадрларды үш деңгейлі дайындауды жүзеге асырады.
5В072600 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» мамандығын оқыту үш білім беру траекториясы бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру траекториялары:
- Тігін бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Былғары мен үлбір бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын модельдеу және көркем безендіру.