Menu Close

Материалдық-техникалық база

Оқу үдерісін және ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру үшін кафедрада қажетті материалдық-техникалық базасы бар. Кафедрада 7 зертхана жұмыс істейді: тоқыма және тігін материалтану; тоқыма бұйымдарын жобалау; Тоқыма материалдарының химиялық технологиясы; тоқыма өндірісінің технологиясы; Тоқыма материалдарының механикалық технологиясы; еңбекті қорғау, Тоқыма материалдарының қауіпсіздігі технологиясының ғылыми-зерттеу зертханасы.

Студенттер оқу зертханасында «Тоқыма материалдарын өңдеу процестерінің физика – химиялық негіздері», «Тоқыма материалтану» пәндері бойынша жұмыс істейді».

Магистранттар мен докторанттар ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми-зерттеу зертханасында жұмыс істейді. Зертхана тоқыма материалдарының физикалық-механикалық қасиеттерін анықтау және сапасын бағалау үшін құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Студенттер LIBRA 3.130 жалпақ тоқу машинасында тоқу процесін үйренеді.