Menu Close

Халықаралық ынтымақтастық

Қазіргі уақытта кафедра ұжымы Орта Азия Ассоциациясының Іскерлік қарым-қатынас және  Санкт-Петербург қаласындағы И.А.Герцен атындағы педагогикалық университет, Литваның Каунас қаласындағы Техникалық жоғары оқу орнымен және Германияның алдыңғы қатарлы университеттерімен, ДААД, Гете-Институт, Британдық Кеңес сияқты халықаралық ұйымдармен шетел тілдерін үйрету саласында тәжірибе алмасу және ғылыми-практикалық, ғылыми әдістемелік конференцияларға қатысу жөнінде тығыз байланыс орнатылуда. Кафедра профессорлық-оқытушылар құрамы университеттің дүние жүзінің жетекші  жоғары оқу орындарымен халықаралық қатынастарды дамыту және әлемдік білім, ғылыми-техникалық, ақпараттық кеңістігіне кіруіне үлес қосуда. 2014-2015 оқу жылының қыркүйек айынан бастап кафедрада ДААД (Германия:Қазақстандағы академиялық алмасудың германдық қызметі) оқытушылары Яна Бём және Паулина Цицер, Флориан Так, Торстен Кеслер «Жеңіл өнеркәсіп және дизайн», «Тағам өндірісі» факультеттерінің студенттері үшін  кәсіби бағытталған шетел тілінен дәріс оқуда. Аға оқытушы Қойлыбаева Р.К. халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша  «Elliott School of International Affairs George Washington University» үш айлық ғылыми-әдістемелік машықтану семинарынан өтті. Джакипова Лариса Финляндияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша 2016-2017 оқу жылында тағлымдамадан өтіп келді.  Кафедра доценттері Аухадиева З.Ж., Ким С.Н., Егембердиева Г.М. «Кәсіби бағытталған шетел тілі. Неміс тілін оқытудың әдістемесі және дидактикасы» тақырыптары бойынша Германияда әдістемелік семинарға қатысса, Италияда өткен шетел тілдері оқытушыларының  халықаралық Конгресі жұмысына ат салысып, ғылыми баяндамалар жасады. Университеттің  студенттері итальян тілінен де білім алып «Қос диплом» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алуда.

Бүгінгі күні  «Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасы  жұмысының негізгі бағыттары ретінде  тілдерді үйретудегі оқу үрдісіне жаңа инновациялық  әдістемелерді енгізу, оқу-әдістемелік құралдар жасау, кәсіби мақсатқа негізделген сөздіктер құрастыру және АТУ мамандықтарына арналған арнайы мәтіндер жинағын шығару сияқты нақты шараларды атауға болады.