Menu Close

Ғылыми – зерттеу және оқу – әдістемелік жұмысы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аухадиева Зауреш Жұмабайқызы басшылық ететін қазіргі мемлекеттік және шетел тілдері кафедрасы университеттің барлық мамандықтары бойынша қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде білім бере отырып, болашақ түлектердің тілдік құзіреттілігін қалыптастыруға ат салысуда.

Кафедраның оқу және ғылыми-педагогикалық жұмыстарының басты бағыттарының бірі – студенттердің таңдап алған мамандықтары бойынша тілдік кәсіби деңгейін көтерудің концепциясын жасау.

Кафедраның  ғылыми – әдістемелік жұмысы  кәсіби тілдің экономиканың әр саласында қолданылуы ерекшеліктерін зерттеуге, студенттердің қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыруда  оңтайлы   әдістемелерді жақсартуға арналған.  Оқытушылардың баяндамалары мен ғылыми еңбектерінің тақырыптары қазіргі заман талабына сай білім беру саласында инновациялық әдістемелер мен  аталған саладағы көкейкесті мәселелерге арналған. Ғылыми жұмыстардың нәтижелері студенттерге, қашықтықтан оқитын студенттерге, магистранттарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарда жарияланып тұрады. Өткен есеп жылында  кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы 130.248 б.т. тұратын 89 ғылыми еңбектерді жарияласа, оның ішінде 1 монография, 17 оқу-әдістемелік құрал, 28 мақала, оның 6-ы алыс шет елдерде, 7-і жақын шет елдерде, Комитет ұсынған журналдарда – 13, ғылыми-практикалық конференцияларда 43 баяндама, алыс және жақын шет елдерде 10 мақала басылып шыққан.