Menu Close

Жетістіктер

Кафедра профессорлық-оқытушылар құрамы шығараған монографиялары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары, ғылыми мақалалары тілдерді үйретудің өзекті мәселелеріне арналған, мәселен Кұлажанов К.С., Бектұров Ш.К., Бөпішева Б.С. «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет мамандарына арналған қазақ тілі», Аухадиева З.Ж., Сағымова А.С., Абдрахманова Қ.Ж., Мекебаева Л.С., Баймұратова Ә.Ж. Техникалық жоғары оқу орындарының “Кәсіптік білім беру” мамандығына арналған “Кәсіби қазақ тілі”, «Биотехнология» мамандығы бойынша Есенова Э.М., Джакипова Л.С. «Профессионально-ориентированный английский язык», Низамова М.Н. «Профессиональный русский язык», «Русский язык» Утесбаева Ж.М. және т.б.

Білім берудің озық технологиясына және кредиттік жүйесіне көшуге байланысты  кафедра мүшелері оқу үрдісіне  тілдерді оқытудың инновациялық әдістерін  енгізуде. Профессорлық-оқытушылар құрамының ұжымдық және авторлық ғылыми-әдістемелік еңбектері: Ергазиева Н.И., Низамова М.Н., Есетовой А.Т. «Учебно-методический комплекс по практическому курсу русского языка для студентов, обучающихся по кредитной технологии», Жакипова М.Н., Сапарова А.А. «Профессиональный русский язык», Аухадиева З.Ж., Сағымова А.С. «Экономикалық мамандықтарға арналған кәсіби қазақ тілі»,  Маринова Н.И., Еженова А.А.  «Профессионально-ориентированный английский язык»,  Аухадиева З.Ж. «Іскерлік қазақ тілі», Егембердиева  Г.М. «Die professionelle deutsche Sprache für die Studenten der Nahrungsmittelindustrie», Есенова Э.М. «Грамматика английского языка», Тлеулинова М.Б. «Кәсіби ағылшын тілі» студенттердің дәрісханада және өз бетінше жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді.

Терминология саласында студенттердің тіл мәдениеті мен құзіреттілігін қалыптастыру үшін кафедра оқытушыларының авторлығымен экономика, тамақ және технология мамандықтары бойынша екі тілді, үш тілді сөздіктер жарыққа шықты: Конопелько Ф.К., Сағымова А.С. «Жеңіл өнеркәсіп және тоқыма бұйымдарының немісше-орысша-қазақша сөздігі»,  Ергазиева Н.И., Нургалиева Г.С. «Англо-русско-казахский словарь пищевой промышленности», Кабдргалинова  С.Б., Арынова Р.С. «Англо-русско-казахский экономический терминологический словарь-минимум», Низамова М.Н., «Основные понятия и термины специальностей пищевого производства: Учебный русско-казахский словарь».

Бүгінгі күні  «Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасы  жұмысының негізгі бағыттары ретінде тілдерді үйретудегі оқу үрдісіне жаңа инновациялық әдістемелерді енгізу, оқу-әдістемелік құралдар жасау, кәсіби мақсатқа негізделген  электронды сөздіктер құрастыру және АТУ мамандықтарына арналған арнайы мәтіндер жинағын шығару сияқты нақты шараларды атауға болады.