Menu Close

Жетістіктер

АТУ-дың құрама командасы әр спорт түрінен (волейбол, жағажай волейболы, жағажай футболы, үстел теннисі, бадминтон, тоғызкұмалақ, қылыштасу, регби, шахмат, еркін күрес, спорттық бағдарлау, каратэ) Республикалық, қалалық жарыстарға белсенді атсалысып қатысады, онда жүлделі орындарға ие болады.

«Дене тәрбиесі» кафедрасы студенттер арасында, АТУ-дың ПОҚ және қызметкерлері арасында жыл сайын факультетаралық жарыстар өткізіп тұрады. ҚР жазғы Универсиадасына белсенді атсалысып қатысады.

Қазақстан Республикасының Х–шы жазғы Универсиадасы 2019 ж.
Регби бойынша АТУ құрамасы 

АТУ-дың атақты спортшылары:

– Сарыбай Айгерім – Семсерлесуден Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. 2018, 2019жж Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері. 2018, 2019 ж ж.ҚР Чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.
– Иванов Никита – Регбиден Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Азия чемпионы регби 15 Азия Чемпионатының қола жүлдегері регби 7 ҚР Чемпионатының бірнеше дүркін күміс жүлдегері. 2019 жылы ҚР Х -шы жазғы Универсиадада I орын.
– Асанова Жанерке – Еркін күрестен спорт шебері. ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. ҚР Чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. 2018 жылы Азия Чемпионатының қола жүлдегері.
– Авзалов Рустам – Каратэден  спорт шебері. ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. ҚР Чемпионатының қола жүлдегері. Ашық Азия кубогінің  күміс жүлдегері. 2018, 2019 жж. Әлем Чемпионаттарында екі дүркін күміс жүлдегері.