Menu Close

«Дизайн» кафедрасы

«Дизайн» кафедрасы Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады 5В042100 – «Дизайн» мамандығы бойынша мамандарды дайындау дәстүрлі оқыту жүйесі бойынша АГТУ жанындағы Алматы технология және бизнес университетінде басталды. 2007 жылдан бастап мамандарды даярлау Алматы технологиялық университетінде 5В042100 – «Дизайн» мамандығы бойынша жүзеге асырылады.

Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетінің «Дизайн» кафедрасы 5В042100 – «Дизайн» ББ студенттері үшін шығарушы болып табылады. 2020-2021 оқу жылының басында 5В042100 – «Дизайн» білім алушылар контингенті 220 адамды құрайды. Мамандарды даярлау оқытудың екі траекториясы бойынша жүзеге асырылады:

– «Костюм дизайны»
– «Графикалық дизайн»

Болон келісіміне сәйкес халықаралық білім беру жүйесіне көшуге байланысты кафедра 2010 жылдан бастап осы ББ бойынша өнер бакалаврларын шығарады.